BasNewsЖаңалықтар

Мемлекет басшысы 16 наурызда Түркияға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады, делінген Ақорда таратқан ресми ақпаратта.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Түркия Президентімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Back to top button