BasNewsЖаңалықтар
Шымкентте 5 жастағы қыз жоғары қабаттан құлап кетті
23 наурызда Шымкентте 5 жасар қыз 4-қабаттың терезесінен құлап кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқыс жағдай Әл-Фараби ауданында болған. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше бала ата-анасының қарауынсыз қалған. Ол шұғыл жағдайда ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, қазір комада.
«Жағдайы ауыр. Шымкент полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр. Осыған байлагысты үндеу жасағым келеді: құрметті ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Терезеге тор орнатыңыздар. Балалар терезенің алдына шыққанда ескерту жасаңыздар», – деді Әл-Фараби аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Бахадыр Расулов.