BasNewsЖаңалықтар
Ақтауда өзінің 3 баласын өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Ақтауда полиция кәмелетке толмаған 3 баласын өлтірді деген күдікпен 36 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Ақтау қаласы 27 шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлім белгілері бар жасөспірімдердің денесі табылған. 2011, 2014 және 2016 жылы туған үш баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады», – делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.