BasNewsЖаңалықтар

Qazaq Air және Air Astana әуе компаниялары жекешелендірілмек

Мемлекет AirAstana АҚ және QazaqAir АҚ мемпакетін сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) басшысының орынбасары Рустам Ахметов мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«AirAstana және QazaqAir компанияларында мемлекеттік қатысу үлесі – 76 пайыз, ашық аспан режимін реттейтін ақпараттың шектеулі мерзімдері мен болмауы, әуеотын сатушылар арасында бәсекелестік ортаның болмауы, жоғары баға, отын көлемінің жетіспеушілігі және әуежайларды пайдаланушылар тарапынан шектеулер», – деп түсіндірді төраға орынбасары.

Нарықтағы бұл жағдайды түзету үшін агенттік бірқатар шара атқаруды жоспарлап отыр.

«Осылайша, бұл нарық бәсекелестік жеткіліксіз дамыған нарықтың жоғары шоғырланған түріне жатады. Мемлекеттің қатысуымен авиакомпаниялардың болуы нарық субъектілері арасындағы бәсекелестіктің, шетелдік авиатасымалдаушылар мен инвесторлардың қызығушылығының төмендеуіне әкеледі. Бұл факторлар жалпы бәсекелестікке теріс әсер етеді.

«Бірінші кезекте, әуекомпанияның активтерін жекешелендіру арқылы осы нарықта мемлекеттің қатысу деңгейін төмендету. Нарықтың шоғырлану деңгейін төмендету және бәсекелестікті арттыру үшін жетекші әуекомпанияны бөлу. Шетелдік тасымалдаушыларды тарту үшін 2028 жылға дейін ашық аспан режимінің мерзімін ұлғайту. Авиаотын сатушылар мен әуежайлар арасындағы бәсекелестік ортаны дамыту», – деп түсіндірді Ахметов.

Осыған байланысты мынадай іс-шаралар көзделген:

  • «QazaqAir» АҚ, «AirAstana» АҚ компаниясының мемлекетт қарамағындағы пакет акциясын сату;
  • жекешелендіру сәтіне дейін «Fly Аrystan» нарығының жеке субъектісі ретінде бөлу;
  • Қазақстанның барлық 13 халықаралық әуежайы үшін «ашық аспан» режимінің қолданылу мерзімін 2028 жылға дейін ұлғайту.
Back to top button