Жаңалықтар

5 мамыр күні қаламызда жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары өтеді

Шымкент қаласында 2023 жылдың 5 мамырында өткізілетін жалпықалалық сейсможаттығуға дайындық жұмыстары бойынша аралық ақпаратты назарларыңызға жеткізгім келеді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасымен бірлесе отырып, қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында, «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет» тақырыбы бойынша эфирлік арналарды ұстау арқылы дауысты хабарлама берілуде.

Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде сурдоаудармасымен бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік парақшаларда жарияланды.

Сондай-ақ, аталған бейнеролик Білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріне, ойын-сауық орталықтарына, әуежай, вокзалға таратылып, ЛЭД-экран арқылы қала тұрғындарына жеткізілуде. «Shymkent-Bus» ЖШС қарасты 250 автобуста аталған бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер көрсетілген электронды брошюралар әлеуметтік желілерде жарияланды. Аталған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, арнайы тақырыптық билбордтар әзірленді.

Жер сілкінісі ол экономикалық және адам шығыны жағынан ең үлкен зиян келтіретін табиғи сипаттағы төтенше жағдай. Ол негізгі 4 түрге бөлінеді, атап айтқанда: тектоникалық, жанартаулық, опырылма, техногендік.

Шымкент қаласы сейсмикалық қауіпті аймақта орналасуына  байланысты, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, білім беру ұйымдарында және қаламыздың  жекелеген аумақтық бірліктерінде (шағын аудан, тұрғын алабы) тұрғындардың жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтау мақсатында тоқсан сайын сейсможаттығулар тұрақты түрде  өткізілуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button