Шымкентте жол-көлік оқиғалары едәуір азайған

2022 жылдың 12 айында 398 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға төмендеген.
Жаяу жүргіншіні қағудың 175 жайты тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда -27,4 пайызға азайған.
Жалпы көлік жүргізушілермен жол ережесін бұзған 909 534 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда анықталған құқықбұзушылық санынан 375 189-ға көбейген.
Жолда жүру мәдениетіне тоқталсақ, жүргізушілер тарапынан автокөліктің жылдамдығын белгіленген межеден асырып жүргізу, көшелерге қойылған жол белгілеріне көңіл бөлмеу болып табылады, бұл бағытта қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары арқылы Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторлары тәулік бойы қадағалап жұмыстар атқаруда, жол жүрісі ережелерін бұзу жайттары анықталған жағдайда, байланыс құралы арқылы бағыттағы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне бағыттама беріліп, құқықбұзушылықтың жолы кесіледі.
2022 жылдың 19 сәуірінен бастап «Қауіпті жүргізуші» жүйесіне 4 254 автокөлік енгізілген. Оның ішінде 2 730 автокөлік иесі ұсталған. Ұсталған автокөлік иелеріне қатысты 8 797 нұсқама шығарылып, 206 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған. Қазіргі таңда, оның 67 млн. 173 мың теңгесі өндірілді. Сот орындаушылардың қатысуымен өткізілген профилактикалық іс-шарада 1 524 автокөлік құралы тоқтатылып, арнайы айыптұраққа жеткізілді. Айыптұрақта тұрған көлік иелерінің жалпы айыппұлы 4,5 млрд. теңгеден астам сомманы құрап отыр.
Өткен жылдың 12 айында 398 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда -8,5 пайызға төмендеген (2021 жылдың 12 айында – 435). Оның ішінде, 57 адам қаза тауып, былтырғы жылмен салыстырғанда -25,0 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 76). Жаяу жүргіншіні қағудың 175 жайты тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда -27,4 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 241), оның ішінде 21 адам қаза тауып, былтырғы жылмен салыстырғанда -32,3 пайызға азайған (2021 жылдың 12 айында – 31), ал 164 адам әр түрлі дене жарақатын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда -7,3 пайызға кеміген (2021 жылдың 12 айында – 177).



