Пікір
Ауылда мектеп директоры жарты «Құдай»
Еліміз бойынша былтыр білім саласында 161 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркеліпті. Одан кейінгі орында ауыл шаруашылығы саласы тұр. 155 дерек анықталған. Ал «үздік» үштікті денсаулық сақтау саласы түйіндейді.
Жалпы, ауылдық жерде мектеп директорлары жарты Құдай ғой. Өйтпегенде ше? Мысалы, ауылда апыр-топыр «физкультураға» түсе салып, кейіннен қайда барарын білмей жүрген жігіттер көп. Мектептегі «пенсияға» не «декретке» кететін адам турлы әңгіме шықса, бітті! Шалдар түйесін түгендеп, жылқысын жіліктеп, сиырын сатып «физкультурик» баласын мектепке жұмысқа қойғысы келетіні шындық. Содан шығар білім саласындағы былықтың көптігі. Қалай ойлайсыз?
Козы Корпеш Жасаралулы
- орфографикасы мен стилистикасы сақталған
- дереккөзі facebook.com