Жаңалықтар

«Жасыл белдеу» орман шаруашылығында минералды жолақтарын салу жұмыстары ұйымдастырылды

Тұран ауданы ТЖ басқармасы жазғы өрт қауіпті кезеңінде дала-орман өрттерін алдын алу жұмыстарын бастады.

«Жасыл белдеу» КММ директорының орынбасары Ш.Абдильахатовтың қатысуымен «Жасыл белдеу» орман шаруашылығында минералды жолақтарын салу жұмыстары ұйымдастырылды.

Жалпы орман шаруашылығында 150 км. жер жырту жұмыстары жоспарланған.

Қала аумағындағы сондай-ақ орман-дала өрттерінің алдын алу бойынша барлық мүдделі қызметтерді тарта отырып, шартты орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Жаттығудың мақсаты: орман-дала өрттерін сөндірудің тактикалық тәсілдерін пысықтау, өртке қарсы қызметінің және орман шаруашылығы күш-құралдарының бірлесе әрекет ету жоспарына сәйкес хабарлау, уақытылы күш құралдары жинау, өрт сөндіру дағдыларды жетілдіру, жергілікті атқарушы органдары мен басқа да қалалық коммуналдық, полиция, жедел жәрдем, электрмен қамтамасыз ету қызметтерін жұмылдыру, бірлескен іс әрекеттерінің тиімділігін көтеру.

Алдағы жазғы өрт қауіпті кезеңінің басталуына байланысты табиғи өрттердің туындау қатерін болдырмау мақсатында кешенді алдын алу шаралары жүргізілуде. Қазіргі таңда қала әкімдігімен «2023 жылдың өрт қауіпті маусымында Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету іс-шаралар туралы» жоспары әзірленіп бекітілді. Ағымдағы жылдың сәуір айының басында төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының отырысы өткізіліп, онда «Орман және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбында сұрақтар қаралып тиісті мекемелерге хаттамалық тапсырмалар берілді, сондай-ақ созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Қала аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы  бар 60 шаруа қожалығы орналасқан. Шымкент қаласында жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын (оның ішінде орман жабылған аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га) «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысына қарасты  «Бадам» орман шаруашылықтары бар. Орман шаруашылығында  2 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 8 бірлік қосалқы техника және әрқайсысының сыйымдылығы 3 куб. м. су УПП-3 маркалы 7 агрегат, сондай-ақ 3 мотопомпа, 36 аспалы су шашқыштар және 150 хлапушка.

Басқа жаңалықтар

Back to top button