Жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ауқымды шаралар жүргізілуде

Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары шеңберінде аз қамтылған, көпбалалы, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жәрдемдесетін орталықтардың көптігіне қарамастан, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың саны азаймай тұр. Еліміздегі өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы ақпараттандыру мақсатында қала деңгейінде ақпараттық кампания ұйымдастырылды. Кампания барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің Әл-Фараби, Абай, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандық полиция қызметі басқармасының Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері мен «Сана Сезім» ӘБҚО ҚБ, «№3 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ҚМУ, сәйкес аудандық әкімдіктердің қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесінің өзектілігін түсіндірді. Іс-шара барысында отбасындағы зорлық-зомбылықтың түрлері, зардап шеккендерге көрсетілетін көмек және Шымкент қаласында жоспарланған іс-шаралар жайлы айтылып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылар тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың құқықтық негіздері және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік қаралатынын атап өтті.

Сондай-ақ, тұрмыстық зорлықты жеке алдын-алудың түрлері бар: профилактикалық әңгімелесу; тұрмыстық зорлық жасаған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жайлы хаттама толтыру үшін оны ішкі істер органдарына жеткізу; қорғау нұсқамасы – 30 тәулікке дейін; әкімшілік жолмен ұстау; медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары; құқық бұзушыларға қатысты ерекше талаптарды белгілеу, мысалы, алкоголь, есірткі заттарын қолданбау; ата-ана құқығын шектеу немесе одан айыру

Әйел адам тұрмыстық зорлық дерегі бойынша жазған өтініште ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер»), 73-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру»), 73-бабының 2-бөлігі («Ұрып-соғу») сипат алса, әкімшілік материалдар жиналады. Учаскелік инспектор ол материалдары Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жолданады. Cондай-ақ, тұрмыстық зорлық жайлы өтінішті физикалық тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалардың да қалдыра алатынын айтып өту керек.

Басқа жаңалықтар

Back to top button