Оқу-әдістемелік жиында есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау әдістері қаралды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының бұйрығымен Шымкент қаласында өткізілген оқу-әдістемелік жиында еліміздің барлық өңірінен жиналған әскери полиция қызметтерінің бастықтарына «Есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау әдістері» тақырыбында арнайы дәріс өткізілді.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков іс-шараға қатысып, тақырып бойынша тәжірибелік әдіс-тәсілдермен бөлісті.
Кездесу барысында басшыларға арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, олар бойынша сұхбат алмасып, өздерінің көзқарастары тыңдалды.
Полиция қызметкерлері тыйым салынған есірткі өсімдіктерін заңсыз егіп-өсіргені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Нашақорлық мәселесі жалпыға бірдей маңызды, бүкіл әлем қазіргі қоғамның ауруымен күресуде. Жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алудың ең қарапайым, тиімді және қолжетімді профилактикалық әдісі балалармен белсенді түсіндіру жұмыстары болып табылады. Осы мақсатта полиция қызметкерлері білім беру мекемелерінің оқушыларымен есірткі және психотроптық заттардың зияны туралы профилактикалық дәрістер мен әңгімелер өткізеді. Нәтижесінде жастардың есірткіге деген тұрақты теріс көзқарасы қалыптасады. Полицейлер есірткі құралдары мен психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында сайттарды, форумдар мен әлеуметтік парақшаларды анықтау бойынша интернет-кеңістіктің мониторингін тұрақты негізде жүзеге асырады.
Сондай-ақ, әскери қызметте және сапта құқық бұзушылықтарға жол жоқтығын, әскери қызметкерлерге әрқашанда Отанды қорғау қорғау үшін дені сау азаматтардың және сарбаздардың қажет екендігін, зиянды әдеттерге бет бұрмаудың маңыздылығын, олардың зияндығы мен заңда белгіленген жауапкершілігі туралы ұдайы жеке құрамға жеткізіп отыру қажеттігі ескертілді.
Полиция қызметкерлері жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға және есірткіні пайдаланудан бас тартуға шақырады және есірткіні сақтау мен тарату жауапкершілігі туралы ескертеді.



