Жаңалықтар

Е-өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жүгінулерді қарау талаптары

Бүгінде Қоғамдық қабылдау мен мемлекеттік органдарға өтініш жасаушы азаматтар саны артқан. Мемлекет пен қоғам арасындағы екіжақты байланысқа кедергі бірқатар проблемалар «Е-Өтініш» жүйесі арқылы шешімін таппақ.

Қызметте «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Шымкент қаласы бойынша басқармасы» мемлекеттік мекемесінің прокуроры капитан Шынаргуль Курбангалиевна Аимбетованың қатысуымен Е-Өтініш ақпараттық жүйесінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жүгінулерді қарау талаптары, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бақылауға алу, заң талаптарына сәйкес қаралуы бойынша сабақ өткізілді.

Шынаргуль Курбангалиевна бұл жүйеде туындайтын мәселелер, тіркеу барысындағы кемшіліктер, дұрыс жауап беру талаптарын кеңінен түсіндіріп өтті. Қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға, тұжырымды жауап берілді.

2019 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым–Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» жолдауын жолдады. Онда азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндетін қойды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және өтініш берушілермен жұмыс сапасын арттыру мақсатында азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну рәсімдерін барынша жеңілдетуге және олардың қаралуын бақылауды жетілдіруге арналған «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі әзірленді.

Өтініштермен жұмыстың барлық процестерін цифрландыру келесіні қамтамасыз етеді:

– өтініштерді мемлекеттік органдардың құзыреті бойынша бағытын автоматты түрде анықтау;

– мемлекеттік органдар арасындағы сұраныстар санын оңтайландыру есебінен өтініштерді қарау мерзімін қысқарту;

– өтініш берушіні өтінішті қараудың барлық кезеңдері, сатылары және мерзімдері туралы хабардар ету;

– мемлекеттік органдарға келіп түсетін барлық өтініштердің бірыңғай базасын қалыптастыру.

Сонымен қатар, «Е-өтініш» жүйесі өтініш берушімен кері байланыс жүйесін жүргізуге және мемлекеттік органдардың жұмыс сапасын бағалауға мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button