Жаңалықтар

Жас құтқарушылар арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өзара күш сынасты

Тұран ауданы ТЖ басқармасы аудан аумағында орналасқан мектептердің арасында «Жас құтқарушы» үйірмелеріне қатысушылары арасында іріктеу жарыстарын бастады.

Жиын мақсаты — жасөспірімдердің бойында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға қарсы тұра білу дағдыларын қалыптастыру.

Жас құтқарушылар өрт сөндіру техникасы мен құрал-жабдықтарымен танысты. Жас құтқарушылар арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Жауынгерлік қанат жаю» , «Жауынгерлік киім кию» түрлері бойынша мектеп оқушылары өзара күш сынасты.

Төрешілер тапсырмалардың орындалу жылдамдығын, сапасын есепке ала отырып, қатысушылар еңбегін бағалады. Спорттық сайыстарда әрбір жас төзімділік пен жігер-күшін байқатты, әр команда алғы шептен көрінуге ұмтылды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент басшылығы былай деп өз ойын білдірді: «Сайыс жоғары бәсекелестік жағдайында өтті, жеңімпаздарды бағалау да оңайға түскен жоқ. Қатысушылар да, олардың жаттықтырушылары да жоғары талап тұрғысынан көрінуге мүдделілік танытты. Барлық ауданда бірдей талапқа сай жаттығу орындары жоқтығын жақсы білеміз, соған қарамастан, слетке қатысушылар санаулы сәттердің өзінде тәжірибе жинақтауға, үздіктер үлгісін меңгеруге ұмтылыс білдіріп жатты. Біз осы жиынға қатысқан жастардың қиын жағдайда өзгелерге көмектесе алатындығына сенгіміз келеді».

—Біздің жастарымыз өмірде өздерін ғана ойлап қоймай, жан-жағына да қамқорлық жасай білуге тиіс. Зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, адамдарды қиын жағдайдан құтқару өте маңызды. Мұндай игілікті қадам жасаушыларды біз әрқашан қолдап, жан-жақты көмек көрсететін боламыз, — деді жас құтқарушыларға арнаған сөзінде.

Департамент басшылығы жеңімпаздарға марапаттар — кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтарды тапсырды.

Жылдам, жүйрік, епті. Кез келген төтенше жағдайға сақадай-сай дайын болу қажет. Бұл – өрт сөндірушілерге қойылатын басты талап. Күн сайын мамандардың дайындықтары сыналады. Өкінішке қарай, оқу-жаттығу жиындарында ғана емес, нағыз оқыс оқиғаның ортасында. Олар қызыл жалынмен күреседі, адамдардың өмірін құтқарады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button