«Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері» тақырыбында сабақ өтілді

Азаматтық қорғаныс бойынша халықты оқыту және даярлау шеңберінде Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде Психологиялық қызмет тобының бас маман – психологы азаматтық қорғау подполковнигі Жанат Абдукаримова сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбы – «Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері» және «Төтенше жағдай уақытында халыққа шұғыл психологиялық көмек көрсету негіздері» .
Сабақ барысында «сұрақ-жауап» арқылы кері байланыс орнатылып, ТЖ кезінде психология бойынша мәліметтер жеткізілді.
Төтенше жағдайға тап болған адамның одан аман-есен шығуы сирек. Кейбіреулер өмірмен мәңгілікке қоштасады, кейбіреулер ауыр жарақат алады және мертігеді, ал кейбіреулері бірінші көргенде білінбейтін бірақ ауруы асқынып, тез жазыла қоймайтын дертке шалдығады. Ол адамзаттың психикасы мен санасының жарақаттануы. Бұл адам неғұрлым қорқынышты жағдайды басынан өткізсе, солғұрлым күрделі бола түседі.
Төтенше жағдайдың алғашқы минутінде адамды сан алуан түрлі үрей билейді.
Төтенше жағдайлардың психологиялық аспектілері. Төтенше жағдай, апат төңірегінде қалыпты қал ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру процесінің жиілігі болып табылады. Бұл процестерді қалпына келтіру үшін қосымша күшпен қаражатты тарту және айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Дегенмен, төтенше жағдайдың ең басында бірінші кезекте адамдық фактор тұрады. Төтенше жағдайға тап болған адам біреулері денсаулықтарын жоғалтса, екіншілері ауыр жарақат пен жазылмас дертке ұшыраса, үшіншілері өмірмен қоштасады.
Төтенше жағдайларды жою кезінде техногендік, табиғи және психологиялық факторлардың адамға зиянды әсер етуі нәтижесінде денсаулығының бұзылуына; жаралану (контузия, жарақат алу, мертігу), радиациялық, химиялық және бактериологиялық зақымдану; асқынған соматикалық және жұқпалы аурулар, созылмалы аурулардың асқынуы, психоэмоционалдық және психосоматикалық бұзылулар жатады.
Төтенше жағдай кезінде денсаулыққа зиянды әсерлерден де маңыздысы – оның психикасы мен санасының жарақаты. Оның көлемі, әсері неғұрлым көріністі болса, ол көрініс адамның жанында ұзақ уақыт өмір сүреді.