Түркістан облысы

Түркістан: Мемлекеттік қорға өтіп кеткен 13 кәсіпкердің суармалы жері қайтарылды

Түлкібас ауданы Жаскешу ауылының бір топ кәсіпкерлері өздеріне тиесілі суармалы жерлерін аудан әкімінің шешімімен мемлекеттік қорға алып қойғаны туралы шағым түсірді.

Кәсіпкердердің жер учаскелері шешім шығарылған сәттен бастап бір жыл ішінде бос тұрған. Осы уақыт аралығында Әкімдік бизнес өкілдеріне баламалы учаскелерді беру немесе өтемақы төлеу бойынша іс-әрекеттер жасамағандықтан, олар өз бизнестерін жүргізе алмаған.

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Облыстық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп құзырлы органдармен кеңес өткізіп, нәтижесінде кәсіпкерлерге тиесілі 22 га. суармалы жерлерінің мемлекеттік қорға алып қойған туралы шешімінің күші жойылды. Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып, Жаскешу ауылдық округ әкіміне сөгіс жарияланды.

𝗖𝗮𝗹𝗹 𝗰𝗲𝗻𝘁𝗲𝗿 –𝟭𝟰𝟮𝟰

Back to top button