Түркістан облысы

Түркістан облысының прокуроры ірі кәсіпкерлермен кездесті

2023 жылдың 13 маусым күні Түркістан облысының прокуроры М.Тлеубердиевтің бастамасымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы және ірі кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры А.Ибадуллаев, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлар қатысты («Кентау трансформатор зауыты» АҚ, «Саутс-Ойл» ЖШС, «ECOCULTURE-EURASIA» ЖШС, «АҚ-ЖОЛ» ЖШС және т.б.).

Күн тәртібі бойынша бизнесті қорғау бағытындағы прокуратура органдарының жұмыс нәтижелері мен алдағы міндеттері тыңдалды, содан өңіріміздегі бизнес-климаттың ахуалы талқыланды.

2023 жылдың 5 айында облыстың прокуратура органдары қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды,  42 лауазымды тұлға түрлі жауаптылыққа тартылды, 7 заңсыз тексеру фактісі анықталды, 100-ден астам әкімшілік істердің күші жойылды.

Мемлекет басшысы прокуратура органдарына басымды инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөнінде нақты тапсырма берді. Бұл прокурорлық қадағалаудың жаңа бағыты.

Осыған орай «ECOCULTURE-EURASIA» және «Саутс-Ойл» ЖШС басшыларының инвестициялық жобалары қаралды.

Жиынның қорытындысы бойынша Түркістан облысының прокуратурасы және кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойылды.

Бизнесті қорғау бағыты облыс прокуратурасының бақылауында.

Back to top button