BasNewsЖаңалықтар
Президент Түркістанға жұмыс сапарымен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанға жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.