BasNewsЖаңалықтар

Баянауыл тауында биіктіктен құлап кеткен 65 жастағы зейнеткер құтқарылды

Баянауыл тауларынан зейнеткер құтқарылды. Ол төтеншеліктер жеткен кезде ес-түссіз жатқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі дерегіне сүйенсек, зейнеткердің тауда қалып кеткені жайлы ақпарат кешқұрым сағат 21:36 шамасында түскен. Ер адам “Жасыбай” демалыс аймағында аяғын сындырып алғаны белгілі болған.

Оқиға орнына альпинистік жабдықтары бар 5 құтқарушы, бір техника және кинологиялық есептоп дереу жолға шықты. Құтқарушылар таулардан ер адамды іздеп тапқан кезде, ол ес-түссіз болған.

Кейіннен зейнеткердің биіктіктен құлағаны анықталды. Оны байқап қалған демалушылар дереу құтқарушыларға хабарлаған.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері СОБР қызметкерлерімен, Павлодар облысы ПД учаскелік инспекторларымен бірлесіп, зардап шегушіні жерден 200 метр биіктіктен көтеретін арнайы зембілдерді пайдаланып жерге түсіріп, жедел жәрдем қызметтеріне тапсырды.

1958 жылы туған ер адамның миы шайқалып, іш қабырғасына зақым келген. Ол Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылды.

Back to top button