Жаңалықтар

Шымкент полицейлері көмекке мұқтаж отбасыға қайырымдылық жасады

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, қиын да қауіпті күнделікті жұмыстарынан бөлек, Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жыл сайын тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларына қолдау білдіріп, демеушілік жасап келеді. Биыл да бұл дәстүр өз жалғасын тапты.

Ондағы мақсат – балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдылыққа тәрбиелеу арқылы ұлттық құндылықтарды бойына қалыптастыру.

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай жалғыз басты ананың үйіне барып, екі қызына қаржылай және тұрмысқа қажетті азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарымен қамтамасыз етті. Әрбір бала бақытты болу үшін жаралған демекші, тәртіп сақшылары отбасындағы бүлдіршіндерді айтулы мерекемен құттықтады.

Осылайша тәртіп сақшылары балалардың мерекелік әсерлерін сезіну үшін өз үлестерін қосып, қайырымдылықтың әрі адамгершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Айта кетейік, дәстүрге айналған бұл игі шаралар алдағы уақытта да Шымкент қаласы Полиция департаменті тарапынан өз жалғасын таппақ.

Бұдан бөлек «1-маусым Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында Шымкент қаласы ПД-нің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков басшылық және жеке құрам қызметкерлерімен №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап қайтты. Бүлдіршіндер арнайы келген тәртіп сақшыларын қазақы киіз үйде орналасқан қолөнер көрмесіне апарып, кейін мәжіліс залында мерекелік концерт қойды. Салтанатты шарада балалар үйінің басшысы Алия Бектемисова сөз сөйлеп, бүлдіршіндерді меншікті мейрамында назарсыз қалдырмағаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.  Сондай-ақ, жігіттерді спортқа баулып, ел қорғайтын мықты азаматтарды тәрбиелеу мақсатында спорт үйірмесі ашылғанын арта тартып, онда қоян-қолтық ұрыс әдістерін үйрететін жаттықтырушы бар екенін атап айтты. Өз кезегінде жас спортшылар білетіндерін ортаға салып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Сөз кезегін алған, мегаполистің бас полицейі балаларға ізгі тілегін айтып, оларға арналған сый-сияпаттарды табыс етті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button