Жыл басынан бері ашық орталықтандырылған кеңсеге 405 азамат арыз-шағыммен жүгінген

Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ғимаратының алдындағы фронт-офис мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету және халыққа қызмет көрсету сервисін заманауи талаптарға сай жүзеге асыру мақсатында қызмет етеді. Мұнда келген халық өзіне қажетті кеңесін алып, өтініштері мен басқа да құжаттарының қысқа мерзімде қабылдануына мүмкіндік алған.
Тиісінше, кеңседегі азаматтарға арналған қабылдау бөлмесінде азаматтардың ыңғайлығы үшін күту орындары және бағдар беру үшін ресепшн бар.
Қазіргі таңда тұрғындар уәжінің басым бөлігі – әкімшілік тәжірибе, қылмыстық істерді тергеу мәселелеріне қатысты болып отыр.
Сондықтан, фронт-офис алаңында осы мәселелерге жауапты құзыретті қызметкерлер, яғни жергілікті полиция және әкімшілік полиция бөлімдерінің қызметкерлері, анықтаушылар мен тергеушілер қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері ашық орталықтандырылған кеңсеге 405 азамат арыз-шағыммен жүгінген.
Құрметті қала тұрғындары! Ескеріңіз, Сіз ішкі істер органдарына қатысты мәселеңізбен өз ауданынызға қарасты Полиция басқармасының азаматтарды қабылдау бөлмесіне жүгіне аласыз.
Сіз өз шағынауданыңыздың учаскелік инспекторын танисыз ба?
Шымкент қаласы Абай ауданы Ильяев, Желтоқсан, Республика көшелерінің аумақтарына бекітілген учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Сапарбек Куттыбекович Кошербаев. Полиция құзыретіне жататын қандайда бір сұрақтарыңыз бен мәселеңіз болса, өз учаскелік полиция инспекторыңызға жүгіне аласыз. Мекенжайы: Ильяев көшесі, №4 учаскелік полиция пункті. Байланыс сымтетігі: 8-702-032-02-02
Шымкент қаласы Абай ауданы «Қызылжар» шағынауданы әкімшілік аумағы бойынша бекітілген учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Жасұлан Атығайұлы Бекқұлов. Полиция құзыретіне жататын қандайда бір сұрақтарыңыз бен мәселеңіз болса, өз учаскелік полиция инспекторыңызға жүгіне аласыз. Мекенжайы: «Қызылжар» шағынауданы, №1 учаскелік полиция пункті.
Байланыс сымтетігі: 8-702-248-10-65



