Жаңалықтар

Фотокөрме арқылы өрт сөндірушілердің қызметіне саяхат

Өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметін насихаттау мақсатында Шымкент политехникалық колледжінде өрт сөндірушілердің қызметі бейнеленген фотокөрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында төтенше жағдайларды жою кезінде адам өмірін құтқарып, ерлігі үшін марапатталған мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Б. Дарменов және №5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Қ.Балабеков орын алған өрттерді сөндіру барысы туралы фотоматериалдармен таныстырып, тарихы туралы айтып берді.

«Казқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинары аясында жедел-құтқару жасағының кинология бөлімшесінің қызметкерлері Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің кинологиялық есептоптарын сертификаттық сынаудың бірінші кезеңіне қатысты.

Сертификаттық сынау кезінде мойынсұнушылық пен ептілік жолағы, табиғи және техногенді ортада зардап шегушіні іздеу тәртіптері бойынша өткен сынақта бас құтқарушы-кинолог А.Абенов өзінің Берта есімді қызметтік итімен жақсы нәтиже көрсетіп, сертификаттаудан өтті.

Сертификаттық сынаудың бірінші кезеңіне бас құтқарушы-кинологА.Абенов халықаралық сертификаттың иесі атанды.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан республикасының мәртебелі маманы» атты республикалық патриоттық байқауы өткізілді. Байқауға еліміздің дамуына саналы ғұмырын арнап, еңбек етіп жүрген барлық сала өкілдерін қатысты, Бұл іс-шараның мақсаты -Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

Аталған байқауға ҚР ТЖ министрлігі Шымкент қаласының ТЖ департаменті кадр саясаты басқармасының бас маманы азаматтық қорғау капитаны Ерғали Нұрдаулет Қайратұлы қатысып, бағын сынаған еді. Байқаудың қорытындысы бойынша жас маман «Қазақстан республикасының мәртебелі маманы» атағына ие болды. Астана қаласында Министрлік үйінде өткен марапаттау рәсімінде Ерғали Қайратұлы Нұрдаулет төс белгі мен Алғыс хатпен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button