«Бағдарламалық құрылымдарға құқықтарды қорғау» тақырыбында вебинар өтті

Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің ұйымдастыруымен «Лаборотория Касперского» халықаралық комнаниясы өкілдерінің қатысуымен ZOOM – конференция форматында «Бағдарламалық құрылымдарға құқықтарды қорғау» тақырыбында вебинар өтті.
Өткізілген вебинардың мақсаты – жеке компьютерлерді сырттан бұзудан, құпия және жеке деректерді қорғау үшін сапалы өнімді пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ, қатысушыларға пираттық өнімдерді пайдалану, жеке компьютерлердің киберқауіпсіздігі үшін тиімсіз екендігі айтылды.
Киберқауіпсіздік – бұл қолданушыларды, олардың ақпараттық жүйелерін, желілері мен бағдарламаларын сандық шабуылдардан қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған қызмет.
Мұндай кибершабуылдардың басты мақсаты әрі хакерлердің жеке мақсаттары үшін осы ақпаратты одан әрі пайдалану үшін пайдаланушының құпия ақпаратын алу, әрі бүкіл бизнес-процестің жұмысын бұзу болуы мүмкін. Сондықтан, әсіресе мемлекеттік департаменттер мен ірі жеке ұйымдардың жағдайында, Қазақстан үшін, сондай-ақ әлемнің басқа елдері үшін Интернетте тиімді және қауіпсіз болу үшін басты міндеттердің бірі дәл осы киберқауіпсіздік саласын дамыту болып табылады.
Жаһандық киберқауіпсіздік индексінде (Global cybersecurity Index) Қазақстан өз позициясын қарқынды түрде арттырып келеді. Мәселен, жуырдағы есеп бойынша, Қазақстан бірден киберқауіпсіздігі күшті елдердер арасында 40-орынға ұсынылды. Өткен жылдың рейтингісінде ел 82-орынға ие болған еді.
Сарапшылар елдің құқықтық саладағы жетістіктерін ерекше атап өтеді. Атап айтатын болсақ, Қазақстан мемлекеті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және қауіпсіздік саласындағы талаптарды әлдеқашан біріздендіргені айтылады. Цифрландыру бағыты бүгін де киберқауіпсіздік стратегиясына айтарлықтай үлкен мән береді. Соңғы екі жыл ішінде киберқауіпсіздік саласын дамыту үшін негізгі тұжырымдамалық тәсілдер толықтай әзірленді. «Қазақстанның киберқауіпсіздігі» тұжырымдамасы, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілер, салалық бұйрықтар әзірленіп, бекітілді. Арнайы сынақ зертханалары құрылды, Ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті үйлестіретін орталық іске қосылды, аталған мамандық түрлері бойынша гранттар саны арта түсті.



