Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Әл-Фараби ауданы бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ресми құжаттарға апостиль қою, жылжымайтын мүлік пен заңды тұлғаларды тіркеудегі мәселелеріне оқыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша семинар өткізді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қабылданған құжаттардың мерзімдерінің орындалу мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселесі түсіндіріліп, халыққа сапалы уақытылы қызмет көрсетуі айтылды.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында азаматтарды қабылдау «Ашық есік күні» өткізілді. Қабылдауды Департамент басшысының орынбасары Кенжеханова А.Ж., медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің бөлімдердің басшылары Әлиева Е.Ш., басшы м.а. Шаметова С.Ю. және Департаменттің бас мамандары жүргізді.

Азаматтарды қабылдау кезінде сұрақтарға толық көлемде жауаптар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында түсініктемелер берілді.

«Құқықтық көмек» жобасы аясында Шымкент қаласы Әділет департаментінің құқықтықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Б. Абдалиева, қалалық адвокаттар алқасының адвокаттары Е.Тлеуов пен Р.Нұрбеков азаматтарға құқықтық кеңестер берді. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, әлеуметтік әлсіз тобына құқықтық көмек беру мақсатында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша сала мамандары халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button