«Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында вебинар өтті

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментімен және Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының өкілдерімен вебинар өткізілді. Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының сарапшыларымен іс-шараға қатысушыларға тауар белгілерін, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары мен географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғау мәселелерін ашып түсіндірді.
Қазіргі таңда шығармашылық қызметтің нәтижелері үлкен қарқынмен артып келеді. Олардың барлығы, яғни, ғылым, өнер туындылары, сындарлы-техникалық шешімдер және даралау құралдары – зияткерлік меншік объектілері болып табылады. Адамның ақыл-ой еңбегімен байланысты қоғамдық қатынастар зияткерлік меншік құқығымен реттеледі.
Вебинарда азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалатыны айтылды. Біздің елімізде Қазақстан азаматтары мен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында бірдей қорғалады. Сонымен қатар Қазақстан азаматтарының зияткерлік саласындағы жетістіктері ұйымға мүше елдердің бәрінде бірдей қорғалады.
Зияткерлік меншік құқығы біреудің меншігіне берілмейді және тек құқық иесінің келісімімен ғана пайдаланылады. Заңда белгіленген тәртіппен рәсімделген және материалдық тұлғаға көшірілген зияткерлік меншік нысандарының бәрі нарықтық тауар айналымында жүзеге асырылады, әрі материалдық емес құндылықтар түрінде есепке алынады. Зияткерлік меншіктің басты сипаттамасы меншікті пайдаланудың жеке құқықтарын тек зияткерлік меншіктің иесі, яғни автор ғана шамалай алуын мен оның рұқсатынсыз зияткерлік меншікті бөтен адам пайдалана алмауында.
Қазіргі уақытта зияткерлік қызметтің жаңа салалары пайда болуда. Міне, осыларды құқықтық қорғау үшін елімізде зияткерлік меншік туралы заң жұмыс істеу үстінде. Бұл – заман талабы. Атап айтар болсақ, Қазақстанда зияткерлік меншік объектілерінің құқығын қорғау «Авторлық құқық және аралас құқықтар туралы», Қазақстан Республикасының Патенттік, «Тауар белгісі, қызмет ету белгілері және тауарлардың шыққан жерлерінің атаулары туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою туралы» заңдары жүзеге асыруда.


