Жаңалықтар

Волонтерлық ұйымдардың қатысуымен шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында рейдттік іс-шара өтті

Шымкент қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби аудандық ӨСжАҚЖҚ өрт сөндіру бөлімдері қызметкерлері және Әл-Фараби ауданына қарасты жастар ресурстық орталығының волонтерлық ұйымдардың қатысуымен шомылу маусымы кезеңіндегі қауіпсіздікті арттыру мақсатында, рейдттік іс-шара өтті.

Рейдтік шарада Көкбұлақ елді мекені, Ақбұлақ каналына және Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабта орналасқан атаусыз карьерге ескерту тақтайшасы орнатылды.

Аталған іс-шара барысында судағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, елді мекен тұрғындарына жаднамалық парақшалар тарқатылды.

Сондай-ақ, Абай ауданы жастар ресурстық орталығы мен Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, «Балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Шара барысында Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үй тұрғындарына жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сақтық шарасы барысында терезелерді ашық қалдырмау және терезе алдына шығуға септігін тигізетін заттарды алып тастау жөнінде түсіндіріліп, тұрғындарды барынша қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Барлық ата-ана сақтауы қажет ережелер:

– Терезе 12,5 см-ден бастап ашық тұрса, бала терезеден құлап кетуі мүмкін. Сізге бала ол қашықтыққа сыймайтындай көрінсе де, одан артық ашпаңыз.

– Барлық терезеге оны 12,5 см-ден артыққа ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Сондай-ақ, ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады: сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.

– Мүмкін болса, терезенің тек жоғарғы бөлігін ашқан жөн.

Айта кетейік, Мегаполисте аудандық әкімдіктермен 2023 жылға әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша қазіргі таңда бассейндердің иелерімен 3 меморандум бекітілді.

Шомылу маусымын қауіпсіз өткізу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті,  Полиция департаменті мен аудан әкімдіктері тарапынан қала тұрғындары арасында су айдындарында қауіпсіздікті сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстары үнемі жүргізуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button