BasNewsЖаңалықтар

Энергетика министрі: Елімізде АИ-95 бензин бағасы қымбаттауы мүмкін

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АИ-95 бензин бағасының қымбаттауы мүмкін екенін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

“Ал АИ-92 бензиніне келетін болсақ, біз қажетті соманы сақтап қойдық. АИ-92 үшін қауіп жоқ. АИ-95 бойынша белгілі бір қауіптер пайда болды. Бағаның өсуі болуы мүмкін, бірақ ол реттелмейді. Себебі, жаз мезгілінде әсіресе курорттық аймақтарға саяхаттар көбейеді. Осыған байланысты біз АИ-95-тен тәуекелдерді көріп отырмыз. Жағдайды бақылауда ұстауға тырысамыз”, – деді Сәтқалиев сейсенбі күні өткен үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлікте мұнай өндіруші ұйымдармен Ресей Федерациясынан АИ-95 қажетті көлемдегі импортын қамтамасыз ету туралы өтінішпен кеңес өткен.

Back to top button