BasNewsЖаңалықтар

Оралда 13 жасар қызды 9-сынып оқушылары топ болып зорлаған

Оралда тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні 13 жастағы қызды топ болып зорлаған. Күдіктілердің бірі ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 12 маусымға қараған түні, тоғызыншы сынып оқушылары емтихан тапсыратын күні болған. 15 және 16 жастағы төрт кәмелетке толмаған жасөспірімдер 13 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді.

“Күдіктілердің бірі  №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы”, – деп хабарлады мектеп директорының орынбасары Гүлмайда Үшқамбаева.

Оның айтуынша, бала ұсталып, екі айға тергеу изоляторына қамалған.

Топтық зорлау бойынша басқа күдіктілердің ұсталып, ұсталмағаны туралы полиция әзірге ақпарат берген жоқ. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Back to top button