Ақтөбеде 4 жасар баланы түлкі тістеп алды
Ақтөбе облысы Қобда ауданында 4 жасар баланы түлкі тістеп алды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Дәрігерлер балаға ем-дом жасап, эпидемиолог мамандарға хабар берді.
Оқиға бүгін Қобда ауданының Жарық ауылындағы өзен маңында болды. Бала ата-анасымен бірге жүрген.
«Бала Қобда аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның маңдайы, қабағы мен мұрны тістелген. Оң жақ жамбасы, аяғы да жараланған. Баланы түлкі тістеп алған екен. Олар түлкіні ұстап, өлтіріп тастаған. Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлер жарасын тігіп, таңып берді. Сонымен бірге, антирабиялық вакцина егілді. Ақтөбе облыстық медицина орталығындағы балалар травматологі телефон арқылы хабарласып, кеңес берді. Хабарды шұғыл түрде эпидемиолог мамандарға жеткіздік», – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.