BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның 3 қаласында ауа ластанады

«Қазгидромет» мамандары Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларының ауасында зиянды заттардың мөлшері артады деп болжап отыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Дүйсенбі, 10 шілдеде синоптиктердің болжауынша, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады. Бұл дегеніміз қалалардың ауасында зиян қоспалардың көбейетінін білдіреді.

Қолайсыз ауа-райы жағдайлары (ҚАЖ) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚАЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа-райында мына әрекеттер ұсынылады:

  • ашық ауада, әсіресе магистральдардың немесе басқа ластаушы көздердің жанында уақыт өткізуді;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болуы керек;
  • созылмалы өкпе аурулары, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар көшеде өзімен бірге дәрісін ала жүруі керек;
  • ашық ауада физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтыру және спорт жабық спорт кешендерінде жүргізілуі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстан тұрғындарына дүйсенбі күні ыстық ауа райы болатынын ескерткен еді. Еліміздің басым бөлігінде жоғары өрт жағдайы сақталады. Кейбір аймақтарда термометрлер 40 градусқа дейін көтеріледі.

Back to top button