Түркістан облысы

«Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі

Құрметті облыс тұрғындары, Сіздерге 2023 жылдың 14-15 шілде күндері кезекті «Жолда қабылдау» акциясы өткізілетінін хабарлаймыз.
Аталмыш акцияның мақсаты-жергілікті тұрғындарға заң аясында көмек көрсету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру, қоғам мен билік арасындағы байланысты кеңейту, жол көлік оқиғаларының алдын алу, көші-қон заңнамасын сақтау, азаматтардың полицияға деген сенімін арттыру. Оған қоса тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша Заңға енгізілген өзгерістер жайлы да сауалдарыңызға нақты жауап ала аласыздар.

Акция Түркістан облысының барлық аудандарындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында өтеді. Ал Түркістан қаласы бойынша «Керуен сарай» кешенінде ұйымдастырылады.
Уақыты: 14-15 шілде күндері сағат таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін.
Ендеше өздеріңізге берілген мүмкіндікті пайдаланып, полицияға қатысты сауалдарыңыз, ұсыныс-пікірлеріңіз болса акцияға белсенділікпен қатысыңыздар!

Back to top button