BasNewsЖаңалықтар

Әлемде мысықтар арасында коронавирустық пандемия жүруде

Әлемде мысықтар арасында коронавирустық пандемия жүруде. Осы тұста Кипрде 300 000 жануар өлген. Сарапшылар вирустың Израильге жетіп, Ұлыбританияға жақындап қалғанын ескертеді. Ал қазақстандықтар бұл вирус бізге де келді деп күдіктенуде, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

Эдинбург университетінің мысықтар медицинасының маманы, профессор Дэниел Ганн-Мур Telegraph газетіне мұндай көлемдегі індет бұрын соңды болмағанын атап өтті. Айтуынша соңғы кезде мысықтардың мәйіттері туралы хабарлар көбейген. Бұл FIPV шатмының жаңа, одан да қауіпті түрі болуы мүмкін. Кипрлік жануарлар құқығын қорғаушылардың мәліметі мұнда кем дегенде 300 мың мысық өлген. Бірақ Кипрде үйсіз жануарлар көп болғандықтан, әрбір инфекцияны диагностикалау және құжаттау мүмкін емес.

Мамандар аурудың дамуын екі препараттың көмегімен тоқтатуға болатынын айтады. Оның бірі ремдесивир биологиялық препараты болса, екіншісі оған ұқсас GS-441524. Тек мәселе олардың қымбат бағаларында болып тұр. Салмағы 3-4 кг мысық үшін £ 2,500-ден 6,000 фунтқа дейін тұрады.

Жергілікті ветеринарлар үкіметтен мысықтарды емдеп, екпе егуді сұрап отыр.

Мысықтардағы FIPV-ге қарсы бұл препараттар адамдардағы SARS-CoV-2 сәйкес вирусына қарағанда айтарлықтай тиімдірек. Бұл жерде себеп вирустардың молекулалық құрамында емес, мысықтардағы аурудың ұзаққа созылған сипатында болуы мүмкін. Өкінішке орай, ветеринариялық сынақтардың барлық жетістіктері мысықтарды емдеуге көмектесе алмады.

Қазақстандық желі қолданушылары мысықтары осындай белгісіз дерттен өліп жатқанын айтып шағымданды.

“Менің мысығын түн ортасында осылай ауырып бастап, екі сағаттан соң өліп кетті”, – деді желі қолданушысы.

Back to top button