BasNewsЖаңалықтар
Оңтүстік Кореядағы су тасқыны: Су басқан жер асты өткелінен 13 адамның мәйіті табылды
Оңтүстік Кореяның орталық Чхонджу қаласындағы су басқан туннельде қалған жолаушыларға жетуді көздеген құтқарушылар 13 мәйіт тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.
Сенбіге қараған түні өзен арнасынан ағылған тасқын су жер асты өткеліне төгіліп, көліктер мен автобустар батып қалған. Шенеуніктер 685 метрлік туннельде нақты қанша техника мен адам барын болжай алмады, бірақ 15 көлік бар екенін айтты.
Оңтүстік Корея сенбіден басталып, көшкін мен су тасқынына ұласқан қатты жаңбырдан біраз зардап шекті. Дүйсенбі күні таңертеңгі ақпарат бойынша, кем дегенде тоғыз адам демалыс күндері су тасқынынан кейін жоғалып кетті, дейді билік. Жалпы өткен аптада басталған су тасқынынан кем дегенде 39 адам қаза тапты.