BasNewsЖаңалықтар
Кәрім Мәсімов терроризмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қатысы бар тұлғалардың тізіміне енді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қаржы мониторингі агенттігінің сайтындағы хабарлауынша, 1 шілдеде тізімге бірқатар тұлғалар қосылды. Олардың қатарында Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары – Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов пен Дәулет Еділұлы Ерғожин бар.
Сонымен қатар, 1 шілде жарияланған тізімде басқа да есімдер пайда болды. Олардың қатарында Тәңірбергенов Арман Тәңірбергенұлы және Швецов Алексей Анатольевич бар.