Түркістан облысы

Заңға қайшы әрекеттер анықталды

2023 жылғы 16 шілде «Отырар тв» телеарнасы барып түсірген. Аталған жайт бойынша Түркістан облысы Полиция Департаменті ресми ақпарат таратқан.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Төлеби аудандық полиция бөлімінің 102 пультіне жергілікті тұрғынның бірі оның 15 жасар туысына қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалғаны туралы хабарлады.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 120-бабы «Зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Күдікті ретінде Төлеби ауданының тұрғыны анықталып, қамауға алынды.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық жайы анықталуда.

Сотқа дейінгі тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Back to top button