Түркістан облысы

Түркістан: Бәйдібектегі таңатар елді мекеніне кіреберіс жол пайдалануға берілді

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының облыс тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселелер шешімін тауып келеді. Бәйдібек ауданы тұрғындарымен кездесуде тұрғындар тарапынан облыстық маңызы бар КХ-122 Таңатар елді мекеніне кіреберіс автомобиль жолын жөндеуден өткізу мәселесі көтеріліп, жауапты басқармаға тиісті тапсырмалар берілген болатын. Осы орайда, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Шаян-Таңатар елді мекендерін жалғайтын жолға орташа жөндеу жұмыстары биылғы мамыр айында басталып, маусым айында толығымен аяқталды. Жолдың ұзындығы – 3,4 шақырым. Мердігер мекеме – «Корпорация Береке А» ЖШС.

Жөндеу жұмыстары кезінде 3,4 шақырым жолдың ескі асфальт жабындысы толығымен жаңартылды. Сонымен қатар жол бойындағы Шаян, Таңатар елді мекендерінің ішіне жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салынып, жарықтандыру шамдары орнатылды.

Back to top button