Ақпаратты тарату жолдарын оқыту семинары өтті

Шымкентте БАҚ өкілдері мен баспасөз хатшыларына арналған «BAQCamp» атты оқыту семинары өтті. Семинарға қатысушылар 7 сессияға бөлініп, түрлі тақырып бойынша пікір алысып, тәжірибе жинақтады.
Оның ішінде қақтығыстарды басқару және байланыс сессиясына қатысушылар редакциялық жұмыстағы жанжалды жағдайларды және оларды шешу құралдарын анықтау,тиімді қарым-қатынас және келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту сияқты бағыттарда өздерін сынады.
Сондай-ақ, БАҚ-тың қоғамға әсер ету аспектілері, БАҚ-тағы этика және кәсіби стандарттар, Медиадағы инновация және даму сияқты бағытта тәжірибе жинақтап, өздерін осы бағыттар бойынша сынап,тақырыптар төңірігінде түрлі ойындар ойнады.
Тәжіқұл Қалима, Райханов Ержан сында медиатренерлер ынталы жастарға пайдалы кеңестер беріп, ашық дереккөзбен жұмыс істеуге машықтандырып, оны пайдалану арқылы ақпаратты тексеру бойынша практикалық тапсырмалар беріп, пікірталастар ұйымдастырылды, практикалық мысалдар келтірді.
Өз кезегінде семинарға қатысушылар көптеген сұрақтарына жауап тауып, пайдалы кеңестер алды.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.