Жаңалықтар

Шымкент полицейлері білім ордаларындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша күзет ұйымдарымен кездесу өткізді

Мегаполис мектептері мен колледждерінде білім алушылардың өмір қауіпсіздігін нығайту мақсатында Шымкент қаласы ПД-нің мәжіліс залында маңызы зор кездесу өтті.

Жиынға департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ермахан Абдраманов төрағалық етті.

Сондай-ақ, күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке құрамы, әкімдік және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті, білім басқармасы мен күзет ұйымдарының мүшелері де қатысты.

Шара барысында, білім ошақтарындағы қауіпсіздік мәселесі сөз болып, Шымкент қаласы Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция майоры Илесов Нұрдәулет баяндама оқыды.

Онда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнекамералар, «SOS» батырмалары мен күзет ұйымдарының қызметі туралы ақпарат берілді.

Баяндамадан соң, жауапты өкілдер қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кемшіліктерді ортаға салып, қызу талқылады. Оның ішінде күзет ұйымдарының қызмет көрсету сапасы мен олардың тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу мәселелері сөз болды. Жиын соңында, тәртіп сақшылары мен күзет ұйымдары бірлесіп заң шеңберінде қызмет атқаруға уағдаласты.

Айта кетейік, адам саудасынан сақ болыңыздар. Қазақстан азаматтарының бас бостандығы мен құқықтары заңмен қорғалады. Оны еркіндігінен заңсыз айыру немесе тағдырын саудаға салу сияқты іс-әрекеттер ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері азаматтарды адам саудасынан аулақ болуға, аталған қылмыстың куәсі немесе құрбаны болған жағдайда бірден полицияға хабарлауға шақырады. Адам саудасы (адам траффигі) – бұл аңыз әңгіме емес. Жыныстық эксплуатация, мәжбүрлі еңбек, қарыздық құлдық, балалар еңбегін пайдалану, «үй жағдайындағы» құлдық, қайыршылық, қару-жарақ құрылымдарында адамдарды күштеп пайдалану, органдары мен тіндерін трансплантациялау үшін адам сату – осының барлығы бір қылмыстың жантүршігерлік формалары.

Басқа жаңалықтар

Back to top button