Студенттерге есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы ескертілді

Шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.
Полицейлермен бірге аталған іс-шараға «Психикалық денсаулық орталығының» наркологы Садыкова Майра және «Жастар ресурстық орталығының» маманы Әлім Арайлым Ерланқызы қатысты.
Бұл жолы олар «Отырар» колледжіне барып, нашақорлықтың, маскүнемдіктің, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.
Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция майоры Бауыржан Карбеков жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, нашақорлықтың қалыптасуы кезінде «дәріхана нашақорлығының» қауіптілігі, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.
Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты. Өмір – адамға жалғыз рет қана берілетін шексіз нығмет. Бұл өмірді мәнді етіп өткізу әр адамның өз қолында. Әркезде де адамның алдында екі жол тұрады. Бірі жақсылыққа жетелесе, бірі өмірің құрдымға итермелеп жатады. Таңдау кілті адамның қолында. Адам өміріне қауәп төндіретін дүниелер өте көп. Соғыс, экология, ашаршылық және денсаулыққа зиян улы заттар. Ал осы денсаулыққа зиянды улы заттарды адам өзі таңдап алады. Зиянды заттарға есірткі, ішімдік, темекі секілді адам ағзасына улы заттар жатады. Есірткі – бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиядық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігін ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді. Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасының бұзылуына тікелей әсер етеді.



