Жаңалықтар

Тұрғындарға пәтер ішілік газ жабдықтарындағы кемшіліктер көрсетіліп, реттеу қажеттілігі түсіндірілді

Еңбекші ауданы аумағындағы тұрмыстық қажеттілік үшін газ баллон пайдаланатын көпқабатты үйлер:  Қ.Сарымолдаев (Гидролизный) №1Б пәтер саны – 60, тұрғындар саны – 237;    Қаратөбе тас жолы №34 пәтер саны –100, тұрғындар саны – 288; Ш.Уәлиханов №243 пәтер саны – 80, тұрғындар саны – 247.

Шымкент қаласы бойынша улы газбен  улану фактілерінің алдын-алу бойынша бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес, аудан аумағында орналасқан Елшібек батыр көшесі №112а, 114а, 116а және Ш.Уәлиханов көшесі №186а көпқабатты тұрғын үй тұрғындары арасында «Газ жабдықтарын пайдалану, тексеріп отыру және улы газбен уланудың алдын-алу» жөнінде «ҚазТрансГаз Аймақ» өкілдерімен бірлесе үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Насихаттау барысында тұрғындарға пәтер ішілік газ жабдықтарындағы кемшіліктер көрсетіліп, реттеу қажеттілігі түсіндірілді.

Үгіт-насихат жұмыстарының мақсаты – газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, оқыс оқиғалардың алдын-алу және халық қауіпсіздігі.

Айтып өтейік, Еңбекші аудан әкімдігімен қысқы жылу маусымында өрт қауіпсіздік шараларын орындау және улы газбен уланудың алдын алу бойынша профилактикалық жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2023-2024жж. жылу маусымында газбен уланудың алдын алу, қауіпсіздік ережелері бойынша күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып, реестр түзілуде.  Сондай-ақ, жыл басынан бері аудан тұрғындарымен 290 жиналыс өткізіліп, үй ішілік газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен  келісім-шартқа тұру жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, «Оңтүстік» шағынауданында 1700 абонент, «Цементшілер» шағынауданында – 22 көпқабатты тұрғын үй,                         11 шағынауданында – 27, 12 шағынауданында – 38 көпқабатты тұрғын үй газ жабдығына сервистік қызмет көрсетуші мекемелермен келісім-шартқа тұрды.

Еңбекші ауданы аумағындағы табиғи газбен жабдықталмаған, тұрмыстық қажеттілік үшін газ баллондарды қолданатын Қ.Сарымолдаев (Гидролизный) №1Б, Қаратөбе тас жолы №34, Ш.Уәлиханов №243 көпқабатты  тұрғын үйлер орналасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button