Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу және жою
Біздің аймақтың континенталды климатын ескере отырып, Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында, орман шаруашылықтарының, жергілікті атқарушы, азаматтық қорғау және басқа да органдардың өртке ден қою және алдын алу іс-шараларын іске асыруға дайындығын пысықтап, тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Бүгінгі таңда, Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі
6 мың 286 га, оның ішінде орманды аймақ 5 мың 053 га, жабылмаған аймақ 1 мың 233 га құрайды. Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен адам құрамы дайындыққа келтірілген.
Қала аумағында жыл басынан бері 62 өрт тіркелді (2022 ж. 62 өрт) материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады (51%-ға өскен 2022 ж. – 82 млн. 515 мың теңге). Өрттің салдарынан 8 адам қаза болған (4 есе өскен 2022ж. –2), жарақат алғандар жоқ (100%-ға төмендеген 2022-2)
Өрт қауіпті кезеңінің қарсаңында ҚР Төтенше жағдайлар мен Экология және табиғи ресурстар министрліктерінің бірлескен жоспары негізінде «Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары» түзіліп бекітілді.
Ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1075,3 км құрайтын минералды жолақтарды құру жұмыстары толық көлемде жүргізілуде, оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 53 км, жергілікті автомобиль жолдарының бойында – 320,2 км, орман алқаптарында – 300 км және егіс алқаптарының айналасында – 402,1 км. Табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында 405 адамды құрайтын 42 ерікті өртке қарсы топтар құрылып, дала өрттерін сөндіруге арналған арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген.
Бұдан бөлек, Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника (негізгі – 5, арнайы – 4, қосалқы – 4) және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.