Бизнесті қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі

Бизнесті қорғау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бизнестің дамуына кедергі келтіретін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарына ерекше назар аударылған. Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ағымдағы жылдың басында Агенттікпен «Бизнеске жол» жобасы бастау алды.
Жобаның негізгі міндеті бизнес ортадағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік кедергілерді жою, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау арқылы кәсіпкерлерге көмек көрсету болып табылады.
Бизнесті қорғау бойынша жүйелі жұмыс үш бағыт бойынша жүргізілуде.
Біріншіден, бұл бизнестің адалдығына ықпал ететін тұжырымдамалық шаралар. Екіншіден, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу. Үшіншіден, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою.
Жобаны іске асыру бойынша жұмыстар қаланың өңірлік кәсіпкерлер палатасымен тығыз байланыста жүргізілуде.
Антикор Орталығы алаңында кәсіпкерлерді күнделікті қабылдау практикасы енгізілді. Нәтижесінде 2600-ден астам (2610) бизнес өкілдерінің қатысуымен 54 кездесу өткізілді. Жоба аясында 700-ден астам кәсіпкердің проблемалары оң шешімін тапты (22 кейс). Негізінен бизнестің дамуына мемлекеттік органдар жасаған кемшіліктер мен әуре-сарсаңдар кедергі келтіреді. Мемлекеттік қызметшілер қолданыстағы нормалар мен ережелерді сақтамай, шешім қабылдау кезінде жасанды түрде кедергілер туғызатын фактілер бар.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және жемқорлыққа қарсы мониторинг құралдарын пайдалана отырып шағын және орта бизнестің жүйелі проблемаларын анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аясында білім басқармасының бұйрығы негізінде 506 жекеменшік мектепке дейінгі мекеменің қызметінде мониторинг түріндегі тексерулер жүйелі түрде жүргізілгені анықталды. Сыбайлас жемқорлық үшін жағдайларды болдырмау мақсатында Департаменттің бастамасы бойынша бейінді басқарманың барлық бұйрықтарының күші жойылып, мемлекеттік тапсырыс бойынша шарттар қайта қаралды. Рұқсат етілмеген мониторингтердің тоқтағандығы туралы «Хабарлама-хаттар» жолданды.



