Жаңалықтар

Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Жүзу бассейндеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №183 «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы бұйрығы негізінде қадағаланады,  осы қойылған талаптарға сәйкес, маусымдық бассейндерді су құбырынан келетін су болмаған жағдайда, жер үсті немесе жер асты көздерінен келетін сумен толтыруға болатыны көрсетілген.

Бассейндерде ерлер мен әйелдерге арналған шешіну-киіну орындары, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, ваннасы бар зал, персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар, спорт мүкәммалын сақтауға арналған қоймалар, жинау мүкәммалын, жуу және дезинфекциялау құралдарын сақтауға арналған қоймалар, әкімшілік үй-жайлар, медициналық персоналға арналған кабинет болуы тиіс.

Бассейннің жүретін жолдары, бассейннің түбі су өтпейтін материалдардан және ылғалға, тазалауға қолданылатын химиялық реагенттер мен дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді болуы қажет.

Бассейндерде рециркуляциялық немесе су ауыстырудың ағынды жүйесі арқылы немесе бір мезетте бассейнді дезинфекциялай отырып, күнтізбелік 7 күнде кемінде бір рет судың толық ауыстырылуы тиіс және жіберілетін суды зарарсыздандыру қажет.

Бассейн ваннасын дезинфекциялау су ағызылғаннан кейін және дезинфекциялау құралдарымен екі рет шаю әдісімен ваннаны механикалық тазалау арқылы жүргізіледі. Активті хлор ерітіндісін жаққаннан кейін бір сағат өткен соң, жылы сумен шаю қажет.

Демалу, шомылу орындарында күнделікті жинау жұмыстары қажет болған жағдайда, үзіліс кезінде айналма жолдарды, еденді, орындықтарды, кілемшелерді, есік тұтқаларын дезинфекциялау талап етіледі.

Шомылудан кейін жағымсыз салдардың алдын алу үшін қарапайым жеке гигиена ережелерін сақтау керек, яғни бассейнге түскенге дейін және кейін душ қабылдау керек.

Сондай-ақ,  су айдындарында шомылуға тыйым салатын арнайы ақпараттық белгілерге мұқият назар аудару керек!

Субұрқақтарда шомылуға рұқсат етілмейді, өйткені субурқақтардағы су залалсыздандырылмайды және санитариялық талаптарға сәйкес келмейді. Бұдан бөлек, әртүрлі жарақаттар алу қаупі де бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button