Жаңалықтар

Сотталғандар енді жаңа жоба арқылы арнайы оқу оқып, жұмыс істей алады

Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталығының алаңында Шымкент қаласының бас прокуроры мәлімдеді.

«Сотталғандарды түзету – қауіпсіздік кепілі» атты Жоба аясында 30 сотталған оқып жатыр. Ал сотталғандардың 60-ы қыркүйек айынан бастап 10 айлық оқуға жіберіледі. Оқу аяқталғаннан кейін тиісті диплом, сертификат беріліп жұмысқа орналастырылады. Басты мақсатымыз – сотталғандарды әлеуметтік ортаға қалыптастыруға бағытталды. Бұл жұмыстармен шектелмей сотталғандарды түзету мақсатында оларды спортқа баулу жүзеге асырылуда.

Ол үшін спорт түрлеріне қажетті құрал-жабдықтар алынды. Сондай-ақ 11 дана теннис үстелі, 22 дана ракетка мен тор, 93 дана үстел теннис добы, 4 дана волейбол торы, 16 дана волейболға арналған доп, 4 дана бадминтон сеткасы, 8 дана бадминтонға арналған ракетка, 24 дана бадминтон воланы, 3 дана армреслинг үстелі, 3 дана сақинасы бар стритбол қалқаны, 9 дана стритбол добы, 15 дана шахмат, 15 дана тоғыз құмалақ.

Жазаны өтеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау орнатылып, бақылау-өткізу режимі күшейтілді. Бейнемониторинг нәтижесінде қаскөйлік тәртіп бұзушылықтар 27%-ға төмендеді (122-ден 89-ға)», – деді прокурор.

Бұдан бөлек, алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларының нәтижесінде қаламызда бұл қылмыстың тіркелу көрсеткіші төмендегенін де айтып өтті. Қоғамды мазалап жүрген қылмыстың түрі ол – алаяқтық. Бұл құбылыспен күресу тез арада ұйымдастыру шараларын қолдануды талап етті. Жыл басында қала әкімімен бірге осы мәселені шешу үшін «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» атты жобаны іске асыруға кірістік.

Кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласу керектігін ескертемін. Бірінші мақсатымыз қылмысты азайту мен оны тез арада ашу. Ол үшін заманауи технологияларды енгіздік. Сонымен қатар адамдардың сауаттылығын арттыру үшін арнайы кітап әзірледік. Өкінішке орай әлі де болса кейбір адамдар тез табыс табуға асығып, алаяқтардың құрбаны болуда. Себебі алаяқтар телефон және интернет арқылы қоңырау шалғанда, адамдар оны тексермейді, сөздеріне сеніп мәліметтерін бере салады (СМС код).Кейбір жағдайларда жұмысқа орналасу үшін алаяқтарға ақша беріп, пара берумен тең әрекеттерге барады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button