Заңсыз және заң талабын бұзып салған құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары жүргізілді

Қала аумағында тиісті жоспарға сәйкес, 2023 жылдың 6 айы бойынша құрылыс нысандарына мониторинг жұмыстары қала аумағындағы орталық ірі көшелерінің бойында орналасқан заң талаптарын өрескел бұзып, құрылыс нормалары мен заң талаптарын сақтамай өз бетінше салынған (салынып жатқан), құрылыс мерзімі ұзақ уақыттан тоқтап тұрған, СЖТ құжаттамасыз, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізбей құрылыс жұмыстары жүргізілген нысандар бойынша жүргізіліп, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына тиісті хаттармен 300-ге жуық нысан жолданған болатын.
Нәтижесінде Басқарма тарапынан жолданған хаттардың негізінде 177 құрылыс нысандары бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 802 бабына сәйкес, 87 837 675 тг. айыппұл салынған.
17 маңызды нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімдері мемлекет мұқтажына толығымен қайтарылды.
ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1461 жер учаскесіне, 163 нысан бойынша 34 қаулы қабылданған.
Жыл басынан бері жалпы алаңы 17,6 га, 82 жер учаскесі мемлекет меншігіне мәжбүрлеп иеліктен шығару үшін 2,9 млрд. тг қаржы жұмсалды. 2022 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 17 маңызды нысанның құрылысы үшін қарастырылған жер телімдері мемлекет мұқтажына толығымен қайтарылған.
Атап айтар болсақ:
Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы:
- А-2 жол құрылысы (2-кезең).
- Қонаев және Рысқұлов көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы.
- Қонаев даңғылының жалғасы (3-кезең) жол құрылысы.
- Шығыс айналма жол құрылысы (1-кезең).
- Бәйдібек би даңғылы және Арғынбеков көшесісің қиылысындағы көлік жол айырық құрылысы.
- Өтегенов көшесінің жалғасы (1 кезең) жол құрылысы.
- Уақытша сақтау тұрағының (айыптұрақ) құрылысы.
- Достық атауы жоқ көшесінің жол құрылысы.



