Жаңалықтар

Жаттақханадағы шартты өрт дер кезінде сөндірілді

Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің №1 жатақханасында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың адамдар көптеп жиналатын нысандарда өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, олардың нысан қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқару жұмыстарын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткіздік. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 12 техника, офицерлік және жеке құрамнан 75 адам, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.

Жатығудың тактикалық тұрғысынан жаттақхананың 7 қабатында орналасқан бөлмелердің бірінде өрт орын алып, «101» қызметіне түскен хабарламаға сәйкес күштер мен құралдар жіберіліп, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару, шартты зардап шеккендерді құтқару, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы шартты өрттің көлемі 40 м² құрады. Бұл жаттығуда жаттақхана жұмысшылары мен аталған оқу орнының студенттерінің де іс-әрекеттері пысықталды.

Мұндай жаттығулар қандай да бір төтенше жағдай орын алған кезде үйлесімді және нәтижелі қызмет атқаруға үлкен септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, Шымкентте құтқарушылар көлікке қысылып қалған жүргізушіні құтқарды. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне сағат 12:25-те автокөлікке жүргізуші қысылып қалғаны туралы хабар келіп түскен. Жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі мен өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына барып, Абай ауданы, Темірлан тас жолы мен Алматы тас жолының қиылысында «Алаш» базарының алдында жер асты жүру жолын салу орынында, «КАМАЗ» жүк көлігі абайсызда бетонға соқтығысқанын анықтады. Нәтижесінде көлікке қысылып қалған 1989 ж. т. көлік жүргізушіні арнайы авариялық-құтқару құрал-жабдықтарымен шығарып алды. Зардап шеккен ер азамат есін біледі, жағдайы ауыр болған, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Авариялық-құтқару жұмыстарына Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, өрт сөндіру бөлімдерінен 11 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button