Жаңалықтар

Есепті кезеңде шымкент қаласында терезеден құлау бойынша 3 жағдай тіркелді

Есепті кезеңде Шымкент қаласында терезеден құлау бойынша 3 жағдай тіркелді, барлық жағдайда балалар жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда осы кезеңде терезеден құлаумен байланысты жазатайым оқиғалар саны төмен. Дегенімен терезеден құлау фактілері әлі де орын алуда.

Жедел жәрдем қызметінен  сағат 20.25-те Еңбекші ауданы Орынбай ақын көшесінде орналасқан бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2017 ж. т. ұл бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Ауруханаға жеткізілген, қазіргі таңда жансақтау бөлмесінде, жағдайы ауыр.

Балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – терезеден құлау оқиғалары. Балалар табиғи қызығушылықпен ашық терезе алдында қауіпқатерге бейім болып келеді. Әсіресе 3-7 жастағы балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қауіпті екенін түсінетін жаста емес, үлкендердің ешқайсысы оларға бұл жағдай туралы түсіндірмейді.

Терезеден құлау оқиғалары көп жағдайда ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан болады. Осыған байланысты атааналарды өте сақ болуға және кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз қалдырмауларын сұраймыз.

Балаларды терезеден құлау жағдайынан қалай сақтауымыз керек?

  1. Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз! Сіз балаңыздың жанында болғаныңызбен, өз назарыңызды басқа нәрсеге аударған мезетте балаңыз өз өмірімен қош айтысуы мүмкін.
  2. Барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қойыңыздар. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, балаларға терезеге жақын орналасқан кереует немесе басқа да жиһаздардың үстінде ойнауына рұқсат бермеңіз.
  3. Ешқашан терезедегі москиттік торларға сенбеңіздер! Олар құлаудан сақтауға арналмаған, құлап бара жатқан балаларыңызды қорғай алмайды! Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Көп жағдайда балалар осы тормен бірге құлап кетеді.
  4. Мүмкіндік болса, терезені (желдеткішті) төменгі жағынан емес, жоғарғы жағынан ашыңыз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button