Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ұжымдағы моралдық-психологиялық климатты жақсарту мәселесіне ерекше мән береді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы ұжымдағы моралдық-психологиялық климатты жақсарту және ауызбіршілікті арттыру мәселесіне ерекше мән береді.
Осы орайда, Шымкенттің аптап ыстығынан салқын ауада сергу, жұмысбастылықтан тынығу мақсатында, Түлкібас ауданы Ақсу-Жабағылы қорығы аумағына демалысқа шығу ұйымдастырылды.
Қызметкерлер таудың салқын самалында атпен серуендеп, тимбилдинг форматында өткізілген түрлі ойындар мен сайыстарға қатысты. Демалыс аймағында орналасқан бассейн, тау, ерекше табиғат, отқа піскен тағамдар демалыстың көркін келтірді.
Әрбір қызметкердің жан дүниесіне рухани қорек беретін осы іспеттес іс-шаралар – Департамент басшылығы үшін ұжымдағы салауатты ахуалдың негізгі ұстанымы бола бермек.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде суицидтің алдын алу жөнінде «Дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстелге Шымкент қаласы Дін істері басқармасының теологы Икрам Сатыбалдыұлы Айтаев, «Психикалық денсаулық орталығының» психиатры Гульчехра Бахадыровна Атажанова, «Айтбай ата» мешітінің имамы Есәлі Жәнібекұлы Тәжібаев қонаққа шақырылды.
Іс-шарада мамандар суицидтің – қазіргі қоғамда жеткіншектер мен ересектер арасында белең алып отырған дерт екендігін айта отырып, оған итермелейтін жағдайларға да тоқталды. Сонымен қатар, отбасындағы ерлі-зайыбтылар мен ата-ана мен бала арасындағы салауатты қарым-қатынас орнатуға, балаға көбірек көңіл бөліп, ашық сөйлесуге аса мән беру қажеттігі атап көрсетілді.
Қазіргі таңда көптеген адамдардың күйзеліске ұшырауы, дағдарысқа түсуі, өмір сүру мағынасын жоғалтып, әлеуметтік – психологиялық жай-күйінің қиындауынан және де бірқатар себептерден туындаған шешілмес мәселелер әсер етіп (жұмыссыздық, ақша қаражатының жетіспеуі, науқастану және мүгедектік және т. б.) өз-өзіне қол жұмсауға әкеп соқтырады.
Өз-өзіне қол жұмсау тығырықтан шығатын жол емес сол себептен ой мен санада жүрген сан-мың күдіктен, жанды сыздатқан күрделі мәселерден арылуға болатындығын айта келе өткінші нәрсеге бола, уақытша кезіккен қиындықтан – өз жанын қию ауыр жаза, ұмытылмас қасірет екендігін ұмытпайық дегім келеді.



