Құқықтық оқу отырысы өткізілді

«Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі бойынша келіп түскен өтініштерді дұрыс тіркеу, тіркелген жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштерді қарау бойынша профилактикалық жұмысты күшейту жəне басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын сақтау мақсатында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Шымкент қаласы бойынша Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының прокуроры Шынаргүл Құрбанғалиқызы Айымбетованың қатысуымен құқықтық оқу отырысы өткізілді.
Оқуда «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ Департаментке түскен өтініштерді зерделеу барысында «Е-өтініш» жүйесінде мерзімді қарап, уақтылы орындау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментімен және «Ақзам» мешітімен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан хабардар етті. Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізуге бағытталғанын айтып өтті.
Сонымен қатар, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндап, өткен жылы тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасын атап өтті.



