Өрт техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтары туралы баяндалды
Бүгін Шымкент қаласының ТЖ департаментінде «Қазақстан Халық партиясы» Шымкент филиалының төрағасы Жандарбеков Бақтияр Абдіғайұлы және оның орынбасары Умаров Баймырза Әбденбайұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Партия өкілдерін өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасымен таныстырып, өрт техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтары туралы баяндады.
ТЖ департаментінің қызметімен Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Әлібек Ысқақов таныстырды.
Шымкент қаласының аумағындағы су айдындары бойынша тұрақты рейдтерді барлық мүдделі қызметтер – ТЖ департаменті, Жергілікті полиция қызметі, еріктілер, жергілікті атқарушы органдар жүргізеді. Мереке және демалыс күндері мобильді топтар 65 профилактикалық рейд өткізді. Құтқарушылардың ерекше бақылауында шомылуға рұқсат етілген де, арналмаған да орындар бар. Атап айтқанда, су объектілерін бақылау кезінде демалушыларға қауіпсіздік мәдениетінің болмауы және жүріс-тұрыс ережелерін бұзу қайғылы жағдайларға әкелетіні айтылады.
Құрамына Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері, құтқарушылар, полиция және әкімдік қызметкерлері, «Аманат» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының және Жастар ресурстық орталығының еріктілері кірген мобильді топтар Қошқар Ата, Қарасу, Сайрам-су өзендерінің бойында, Бадам, Тоғыс, Ақжар су қоймалары маңында рейдтер жүргізді. Аталған су айдындарының ішінде ең танымал орын-Қошқар Ата өзені, оның бастауында жүзуге рұқсат етілген. Сондықтан ыстық ауа-райында қала тұрғындары күн мен су процедураларын алу үшін келеді.
Бадам өзенінің бойында жүзуге тыйым салынған және тыйым салатын белгілер орнатылған профилактикалық рейд кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы «су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаменті АҚ басқармасының қызметкерлері қала тұрғынын әкімшілік жауапкершілікке тартты. ТЖ қызметкерлері демалушыларға жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін судың жанында қауіпсіз демалу ережелерін еске салды. Рейд барысында балалары бар ата-аналарға ерекше көңіл бөлінді.