Жаңалықтар

Шымкентте көлік нөмірін ауыстырып, бейнекамералардан жасырынған жүргізуші ұсталды

Өткен сенбіде Шымкент ҚПД жедел басқару орталығының қызметкерлері “Қорғау” қосымшасы арқылы Темірлан тас жолы бойында жалған нөмірлі автокөлік жүргені туралы сигнал алды.

Бейнебақылау инспекторлары құқық бұзушыны ұстау үшін патрульдік полиция экипажына бағыт-бағдар берді.  Автокөлікті тоқтатқан кезде тәртіп сақшылары жүк салғыштан көлікке тиесілі мемлекеттік тіркеу белгісінің түпнұсқасын тапты.

Жол камераларындағы жазбалардан көлік қалаға өз нөмірімен кіріп, біраз уақыттан кейін оны жалған нөмірге ауыстырғаны анықталды. Mercedes-Benz автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды.

Оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды. Полицейлер көлік құралын айыптұраққа қамады. Жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған сотқа жіберілді.

Заңға сәйкес, көлікті көрінеу жалған нөмірмен басқарғандарға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Тұран АПБ-ның 102 арнасына жергілікті тұрғындардан қоңырау түсті. Олар белгісіз автокөлік тізгіндеушісі көшедегі газ жәшігін соғып, жауапкершіліктен жалтару мақсатында, оқиға орнынан кетіп қалғанын жеткізді. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бірнеше жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалды. Жедел басқару орталығының бейнебақылау испекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғасына кінәлі ГАЗ- 3302 автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ер адам, бүгін қала аумағында Патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылып, ұсталды.

Аталған жайтқа қатысты, полицейлер ҚР ӘҚБтК 611-бабы 2-бөлігі (жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Көлік айыптұраққа жеткізілді. Жинақталған материалдарды тәртіп сақшылары мамандандырылған сотқа жібереді. Өз кезегінде, автокөлік жүргізушісінен газ компаниясына келтірілген материалдық шығын сот тәртібімен өндірілетін болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button