Жаңалықтар

Қараусыз қалған ғимаратта өрт сөндірілді

Шымкент қ.ТЖ департаментінің 101 басқару пультіне  сағат 21:29-да Тұран ауданы, Желтоқсан көшесі бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері жалпы көлемі 600 ш.м. құрайтын 2-қабатты қараусыз қалған ғимараттың көлемі 200 ш.м. 2-ші қабаты мен шатыры жанғандығын анықтады.

Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, сағат 22:10-да толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнына Шымкент қ.ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің 26 қызметкері мен 7 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.

Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің №1 жатақханасында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың адамдар көптеп жиналатын нысандарда өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау, олардың нысан қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқару жұмыстарын жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткіздік. Оқу-жаттығуға өрт сөндіру қызметінен 12 техника, офицерлік және жеке құрамнан 75 адам, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, жедел-құтқару жасағының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, сонымен қатар, жедел-жәрдем медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды.Жатығудың тактикалық тұрғысынан жаттақхананың 7 қабатында орналасқан бөлмелердің бірінде өрт орын алып, «101» қызметіне түскен хабарламаға сәйкес күштер мен құралдар жіберіліп, адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару, шартты зардап шеккендерді құтқару, өртті сөндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы шартты өрттің көлемі 40 м² құрады. Бұл жаттығуда жаттақхана жұмысшылары мен аталған оқу орнының студенттерінің де іс-әрекеттері пысықталды. Мұндай жаттығулар қандай да бір төтенше жағдай орын алған кезде үйлесімді және нәтижелі қызмет атқаруға үлкен септігін тигізеді.

Бұдан бөлек, Шымкентте құтқарушылар көлікке қысылып қалған жүргізушіні құтқарды. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «112» құтқару қызметіне сағат 12:25-те автокөлікке жүргізуші қысылып қалғаны туралы хабар келіп түскен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button